О Доме культурыКультурно-массовая работаСценарииПоэтические страницыГос закупки
 
 
Главная страница

Қазақ Соқырлар Қоғамының Мәдениет үйі 1964 жылы мәдени – сауық қызмет арқылы көрмейтін және нашар көретін азаматтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылды.

Мәдениет үйінің негізгі мақсаты – көз бойынша мүгедектердің әлеуметтік реабилитациясы, олардың белсенді демалысын жан – жақты ұйымдастыру, шығармашылық қызығушылығы мен әуесқойлығын дамыту, өз – өзін жетілдіру.

Мәдениет үйі жұмысында дәстүрлі мерекелердің бірі Дүниежүзілік Соқыр адам күніне арналған Ақ таяқ күні. Бұл мереке – көз бойынша мүгедектер мүмкіндіктерінің және олардың күнделікті өмірде белсенді қолдануы бойынша демонстрация.

Мәдениет үйінің тәжірибесінде көрмейтін адамға отбасының маңыздылығын көтеруге бағытталған іс – шараларға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл Ана Күні, «Менің отбасым» мерекесі, «Әке, ана, мен – спорттық отбасы». Сонымен қатар көз бойынша балалар мүгедектері үшін әр түрлі іс – шаралар өткізіледі. Жастармен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, демалысты ұйымдастырудың әр түрлі формалары қолданылады – тақырыптық конкурстар, викториналар, демалыс кештері, дискотекалар.

Мәдениет үйі қызметінің ерекше бөлімі болып реабилитация бойынша жұмыстар саналады. Оның құрамды бөліктерінің бірі қызығушылықтар бойынша бірлестіктерді, көркем өнерпаздық ұжымдарды: хор, жеке ән айту, көркемпаз, эстрадалық миниатюра, халық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.

Хорлық ұжым және Мәдениет үйінің құрылуынан бастап жұмыс істейтін жеке ән салу үйірмесі қаланың ескі ұжымдарының бірі. Көптеген жылдар бойы хордың жұмысы өзгерген, қатысушылардың саны, басқарушылар, бірақ бастысы – әнге деген шексіз махаббат өзгеріссіз қалды, себебі көзі көрмейтін азаматтар үшін, кей кезде, бұл жалғыз қызығушылық болады. Ән байытады, біріктіреді және шығармашылыққа бағыттайды. Репертуары сан алуан: халық әнінен бастап классикаға дейін.

Мәдениет үйі өз ұжымдарының өнерпаздық көркем шығармашылығын орталық мәдениет және демалыс паркінде, ардагерлер үйінде, әр дәрежелі мүгедектер үйінде, қаланың басқа да алаңдарына шығу арқылы және өнерпаздық жанрлар:

  • Вокалистар конкурстары
  • Дауыстап оқушылар конкурстары
  • Орындаушы – инструменталистер конкурстары
  • Авторлық өлеңдер конкурстары
бойынша қалалық және облыстық конкурстарды өткізу арқылы белсенді насихаттайды.

ҚСҚ Мәдениет үйі көз бойынша мүгедектер өздерін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезіне алатын, дегенмен шектеулі мүмкіндіктерімен, сенімділік сезіне, өзіне қажетті назар ала алатын және өзін және шеберлігін көрсете алатын бейресмиді қарым – қатынас орталығы болып саналады.






Опрос

Как часто вы видите слепых людей?

 
Постоянно вижу
Вижу но редко
Очень редко
Никогда не видел (а)

 

 
  © 2009 “Дом культуры Казахского общества слепых
При использование материалов сайта ссылка на источник обязательна
© 2009 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов